Жаңалықтар

Қазақстанның ұлттық резервтері 64 миллиард долларға жетті – Бейсенбаев

Қазақстанның XII Азаматтық форумында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев елдің экономикалық тұрақтылықты сенімді түрде сақтап, барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап, ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлауы бар мемлекеттердің қатарына кіретінін атап өтті.

Сурет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Біз бюджетке тұрақты түсімдер мен экономиканың тұрақты өсуін көріп отырмыз. Азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалады, деді Елнұр Бейсенбаев.

Депутаттың айтуынша, үш жылдық бюджетке көшу болжамдылық пен стратегиялық басқару жолындағы маңызды қадам болды.

ҚазақстанҮш жылдық бюджетке көшкен санаулы елдердің бірі. Бұл экономиканың тұрақтылығы мен ұзақ мерзімді жоспарлау қабілетінің көрсеткіші. Әлемнің 50 — ге жуық елі ғана осындай жүйеге қол жеткізе алды, қалған 150әзірге тұрақты белгісіздік пен болжанбайтын табыс режимінде өмір сүруде, деп атап өтті ол.

Қазақстан бюджетінің кірісі 2024 жылы 44 миллиард доллардан асты, бұл Өзбекстанмен салыстырғанда бір жарым есе жоғары.

Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, Қазақстан Ираннан 4 миллиард долларға және Болгариядан 10 миллиард долларға артық жинады, деп мысал келтіреді депутат.

Әлеуметтік саясат: төлемдердің өсуі және өңірлерді қолдау Бейсенбаев мемлекет зейнетақылар мен жәрдемақыларды индекстеп қана қоймай, олардың мөлшерін жыл сайын арттыратынын атап өтті.

Бұл жүйелік тәсіл. Алдағы он жыл ішінде әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығыстар тағы 10 триллион теңгеге өседі, деді ол.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button