Жаңалықтар

Қазақстанның кей аймақтарында үсік жүруі мүмкін

Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған суық солтүстік-батыс антициклоны шығыс бағытқа ауысып, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік аудандарында жердің беткі қабатында үсік пайда болуы мүмкін.

“Еліміздің батыс өңірлерін, сондай-ақ оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарды қоспағанда, республиканың басым бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, мұнда атмосфералық фронттардың ықпалымен 2-3 қыркүйекте қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының күндіз 25-30-ға дейін, республиканың оңтүстік жартысында 37 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі мүмкін. Тек еліміздің батысында жылу 17-25 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде”, – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Back to top button