Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Василий Карпов – 70 жаста
Бүгін, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Василий Карпов 70 жасқа толды. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев аймақтың барша спортшылары мен жанкүйерлерінің атынан Василий Борисовичті мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Василий Борисович спорт пен жеңіл атлетиканың дамуына үлкен үлес қосқан тұлға. Бүгінде жетістікке жеткен көптеген спортшылардың ұстазы. Еңбек сіңірген жаттықтырушы ізін жалғастырған балаларымен де мақтана алады. Олардың барлығы жеңіл атлетикамен айналысады. Ұлы Дмитрий Карпов – Олимпиада жүлдегері болса, қызы – гепатлоннан Азия чемпионы. Немерелері де жеңіл атлекиадан талай додаларда оза шауып, бәйге алып жүр.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.