Ресми

Қазақстанның Ауғанстанға 500 млн. АҚШ долларынан астам сомаға қосымша экспорттық әлеуеті бар

Ауғанстан Қазақстан секілді минералдық ресурстарға бай елдердің бірі. Мұнай, газ, көмір, мыс, күміс, алтын, кобальт, күкірт, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, темір рудасы, тұз, асыл және жартылай кен орындары мен асыл тастарға бай. Одан бөлек, литий қоры бойынша Ауғанстан ең бай елдердің көшін бастап тұр.

 

– Энергетика – екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі. Қазақстан аймақтағы ең ірі мұнай және газ өндірушілердің бірі. Ал, Ауғанстанның дамуы үшін энергетикалық ресурстар қажет. Екі елдің де экономикасын нығайту үшін энергия өндіру және тасымалдау жобаларын жүзеге асыруға болады, – деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Бүгінде Қазақстанның Ауғанстанға 500 млн. АҚШ долларынан астам сомаға қосымша экспорттық әлеуеті бар. 2013 жылдан Ауғанстанда қазақстандық компаниялардың 6 сауда-экономикалық миссиясы жүзеге асырылған. Әрі уақытылы жеткізілетін тауарлардың ауқымы кеңеюде.

Биыл Ауғанстанның Герат қаласында Қазақстан сауда үйі ашылатынын айту керек. Бұл екі ел арасындағы сауданы әртараптандыруға және сауда көлемін арттыруға өзіндік үлес қосуда.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button