Қазақстанның 8 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке кірді
Қазақстанның 8 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке кірді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Qazaqstan.tv телеграм каналына сілтеме жасап.
QS World University Rankings by Subject 2023 ‒ әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне барлығы 161 елден 1595 университет, оның ішінде 8 қазақстандық жоғары оқу орны қатысты.
Рейтингке кірген университеттер:
– Л.Гумилев атындағы ЕҰУ;
– Satbayev University;
– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
– Абай атындағы ҚазҰПУ;
– Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
– Suleyman Demirel University;
– Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
– Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті.
Айта кетейік, Еуразия ұлттық университетінің 3 пәні халықаралық рейтингтің алғашқы жүздігіне кірді. Олар – «Қазіргі заманғы тілдер», «Лингвистика», «Қонақжайлылық және демалысты басқару» пәндері.
Әлемдегі жоғару оқу орындарында оқытылатын пәндердің сапасын Ұлыбританияның Quacquarelli Symonds агенттігі бағалады.