Ресми

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған бес балаға 2 млн теңгеден беріледі

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған бес балаға 2 млн теңгеден беріледі. Қаражатты «Отбасы банкі» бөледі. Қаржылай сертификатты баспана алуға жұмсай алады. Сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады. Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі.

Фото: Жезқазған қаласының перинаталдық орталығы

20 миллионыншы болып туған бес баланың бірі Ұлытауда өмірге келген. Нәрестенің есімі – Ақылбек Томирис Сұңғатқызы. Бұл Сұңғат Сейітжан мен Әйгерім Молдашеваның тұңғышы.

Ата-ананы облыс және қала басшылығы құттықтады.

Бұл күні Жезқазғанда тағы 10 бала дүниеге келді. Қала әкімдігінен барлық жаңа туған нәрестелерге сыйлықтар табыс етіледі.

20 миллионыншы болып туған бес баланың енді біреуі Түркістан облысының Жетісай ауданында Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

35 жастаға Гүлмира Ізтілеуова Асықата ауруханасында Әлімхан есімді сәбиді дүниеге әкелді. Бұл Шакеновтер отбасындағы 4-бала. Нәрестенің салмағы 3400 гр, бойы 51 см болып туылған.

20 миллионыншы болып туған тағы бір сәби Ақмола облысының Бурабай ауданында дүниеге келді. Аймақ басшысы перзентханаға барып, сәбидің ата-анасын құттықтады.

Сәбидің ата-анасы Динара мен Айдар Исеновтар.

Сурет: pexels.com

20 миллионыншы болып туған тағы бір сәбидің Ақмола облысының Щучье қаласында  — қыз бала дүниеге келді. 

Еліміздің 20 миллионыншы азаматын дүниеге әкелген Бурабай ауданы Жасыл ауылының тұрғыны Динара Сержанқызы Карекина. Бұл сәби осы отбасындағы екінші бала. 

Келесі сәби Жетісу облысында дүниеге келген. Нәрестеге Айсұлтан деген есім берілді. Кішкентай Айсұлтан Әзімбаевтар әулетіндегі 4-бала екен. Анасы Әзімбаева Диана Талғатқызы 1996 жылы туған. Ал Әкесі Әзімбаев Мұхтар Сабденұлы 1989 жылғы. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button