Бас тақырыпРесми

Қазақстаннан Ауғанстанға тауар жеткізу жолдары өзгереді

Қазақстан Ауғанстан арқылы Пәкістанға жаңа сауда жолдарын әзірлеуде. Қазірдің өзінде Пәкістанның көлік қызметтері нарығындағы ірі ойыншы – National Logistics cell компаниясымен келісімге келген. Аталған компания Пәкістаннан Қазақстанға Ауғанстан арқылы және кері қарай тауарлардың қауіпсіз және жылдам транзитін қамтамасыз етуге дайын. Бұл – 4000 шақырымды құрайтын жол.

– Біз пилоттық режимде жүктерді осы маршрутпен қысқа мерзімде жөнелтуді сәтті сынап көрдік. Экспорттаушылар үшін тартымды жағдайларды қалыптастыру мақсатында түрікмен тарапының Ауғанстан бағытында өз аумағы бойынша жүктердің транзитіне 30% жеңілдік беруі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осы мақсаттар үшін QazTrade (шикізаттық емес тауарлар экспортын ілгерілетудің бірыңғай операторы) отандық тауарларды Болашақ станциясына дейін жеткізуді арзандатуды қамтамасыз етеді, – деді брифинг барысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Сонымен қатар, Ауғанстанға ұн мен астықты тепе-тең негізде жеткізу үшін Өзбекстанмен екі ел аумақтары бойынша транзиттік темір жол тасымалдарына жеңілдікті шарттар беру жөніндегі уағдаластықтар нығайтылғанын айту керек.

Салтанат ІЛИЯШ,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button