Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?
Наурызда қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды, – деп хабарлайды ortalyq.kz. Наурызда екі мемлекеттік мереке аталып өтеді: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Демалыс күндерінің ауыстырылуына байланысты азаматтар қосымша демалыс күндерін алады.

Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 наурызға ауыстырылады.
-
бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз – демалыс күндері;
-
алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз – демалыс, 10 наурыз – жұмыс күні.
Ұлыстың ұлы күні – мереке күндері жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келгендіктен демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.
-
бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалыс;
-
алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері – 21, 22, 23 және 24 наурыз, ал сейсенбі, 25 наурыз – жұмыс күні.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.