Қазақстандықтар мерзімі өткен айыппұлдар үшін артық төлем жасамайды
Бұдан былай қазақстандықтардың мүлкіне төлеу мерзімі өтіп кеткен айыппұлдарға байланысты бұғат қойылмайды. Төлеу мерзімі біткеннен кейін азаматтарға төлем туралы ескертетін хабарлама барады. Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен брифингте жаңа жобаның жолға қойылғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
– Бұрын қалай болды? Егер сізге «Сергек» камерасы бойынша айыппұл келсе және оны 50 күн ішінде төлей алмасаңыз, онда сіздің айыппұлыңыз ЖСО-ға (жеке сот орындаушы – еск.) өтетін. Келесі кезекте сот орындаушысы бұғат қояды, содан кейін ол айыппұлдың 25 пайызына дейін өндіріп ала алады.
Ең аз есептеулер бойынша, осы роботтың арқасында жыл сайын азаматтардың 2,2 миллиард теңгесін үнемдейміз. Енді 50 күн мерзімі өтіп кетсе, оған SMS және push-хабарлама жібереміз. Қандай да бір банктің мобильді қосымшасын пайдаланатын болса, сол жаққа да жібереміз. Мұның бәрі азаматтардан қосымша төлем алынбас үшін жасалады. Енді мұның бәрін робот тегін жасайды. Бұл сома – 25 пайыз болмайды, – деп түсіндірді Бекболат Молдабеков.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.