ЕңбекЖаңалықтар

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 3,5 триллион теңге шешкен

Бір кездері зейнетақы жинақтарын алу жөнінде шешім шығарылған еді. Алайда, уақыт өте келе оның жеткілікті шегі тым жоғары көтеріліп, жұрт пайдасына жарата алмай қалды. Бұл жөнінде Мәжіліс отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сұрақ қойылды.

Министрге: «Жеткілікті шекке жалақысы жоғары, қазірдің өзінде баспана алуға мүмкіндігі бар азаматтар жетсе, зейнетақы жинақтарын алудың әлеуметтік мәні неде?» деген сауал қойылды. Сонда Министр қазақстандықтар жинақтарынан 3,5 триллион теңге алғанын айтты. Ол ақшаның бәрін ипотекалық несиесін жабуға және баспана сатып алуға шешкен.

– Зейнетақы жинағын тек табысы жоғары адамдар алады деп айта алмаймын. Бір миллионнан астам адам тіркелген. Жас ерекшеліктеріне сәйкес барлық санат бар. Жастар, орта жастағылар да бар. Егер бұл жөнінде толық ақпарат қажет болса, БЖЗҚ-дан алайық. Тек табысы жоғарылар ғана алды деп айта алмаймын, – деп жауап берді Тамара Дүйсенова.

Басқа материалдар

Back to top button