Қазақстандықтарға ипотеканы зейнетақы жинағымен жабуға рұқсат етілмек
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі № 24 «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын жариялады. Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында талқылауға шығарылды.

– Екінші деңгейдегі банктер зейнетақы жинақтарын қарызды пайдаланғаны үшін сыйақыны өтеуге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу ретінде емес, атап айтқанда – негізгі борышты өтеуге пайдаланады. Осылайша, банктер алдындағы борыштық жүктемені азайту үшін негізгі қарызды өтеу не ай сайынғы төлемді азайту не ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредит мерзімін қысқарту ұсынылады, – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Енді бұл қаражатты тек жаңа баспана алуға ғана емес, бар ипотеканы жеңілдетуге де жұмсауға болады.
Жобаға сәйкес, ЕНПФ-тегі жинақты пайдаланып:
• негізгі қарызды толық не ішінара жабуға;
• несие мерзімін қысқартуға;
• ай сайынғы төлемді азайтуға мүмкіндік беріледі.
Зейнеткерлер ЕНПФ-тағы жинақтың бір бөлігін қолданып, ипотеканы тезірек жаба алады. Жоба «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр, талқылау 21 қарашаға дейін жалғасады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



