Бас тақырыпБасты тақырыпРесми
Қазақстандықтарға Арменияда 90 күн тұруға мүмкіндік бар
Бұған дейін Армения азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін полицияға тіркелмей қала алатын. Енді келісім бойынша, елде 30 күннен астам болған жағдайда міндетті түрде миграциялық тіркеуден өтуі қажет. Бұл жайлы Ішкі істер министрі Ержан Саденов атап өтті деп хабарлайды ortalyq.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің дерегінше, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанға 12 мыңға жуық Армения азаматы келген. Армения тарапы бұл келісімді 2023 жылғы 15 қарашада ратификациялады.
Ұлттық заңнамаға сай, екі ел азаматтары 90 күннен артық болу үшін уақытша тұруға рұқсат (РВП) алуы қажет. Бұл виза режимін алмастырады және азаматтар үшін шығындарды азайтады.
Армения азаматтары Қазақстанға тек сәйкестендіру құжатымен, Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен кіре алады. Мұндай тәжірибе бұған дейін Ресей мен Қырғызстан бағытында қолданылып келеді. Келісім шеңберінде қауіпсіздік те ескерілген. Құжатта әр тараптың жағымсыз тұлғаларды елге кіргізуден бас тартуға немесе елден шығарып жіберуге құқығы сақталған.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ