Бас тақырып

Қазақстандықтар 31 желтоқсанда демала ма?

Қазақстандықтар бірнеше рет 31 желтоқсанды «ресми демалыс күні» деп белгілеу туралы өтініш білдірген болатын. Себебі, отбасылық мереке күні жақын жандармен көбірек уақыт өткізуге, мерекелік дастархан әзірлеуге мүмкіндік болуы үшін. Алайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары «Қазақстандағы мерекелер туралы» заңға сәйкес 1, 2 қаңтар мемлекеттік мереке саналғандықтан демалыс күніне жататынан айтқан. Ал, 31 желтоқсанды ресми демалыс күндер тізіміне қосу орынсыз екенін баса айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет tengrinews.kz

– 31 желтоқсанды демалыс күн деп белгілеу орынсыз деп санаймыз. Министрлік ұлттық және мемлекеттік мерекелерді белгілеу жөніндегі уәкілетті орган емес. Министрліктің құзыретіне демалыс күндері берілмейтін кәсіби мерекелердің тізімін бекіту ғана кіреді, – делінген хабарламада.

Осылайша 2024 жылдың соңғы айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады. Ал, қаңтарда демалыс күндері мына күндерге сәйкес келеді:

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) – жұмыс күндері;

1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) – демалыс, Жаңа жыл;

3 қаңтар (жұма) – жұмыс күні;

4,5 қаңтар (сенбі, жексенбі) – демалыс күндері;

6 қаңтар (дүйсенбі) – жұмыс күні;

7 қаңтар (сейсенбі) – демалыс, Рождество.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) – жұмыс күндері;

1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) – демалыс, Жаңа жыл;

3, 4 қаңтар (жұма, сенбі) – жұмыс күні;

5 қаңтар (жексенбі) – демалыс;

6 қаңтар (дүйсенбі) – жұмыс күні;

7 қаңтар (сейсенбі) – демалыс, Рождество.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button