Ресми

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астында қалған адамды аман алып шықты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан бүлінген үйлердің конструкцияларын демонтаждау және іздестіру-құтқару жұмыстарының жедел кадрларын жариялады. Сондай-ақ, қазақстандық құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

– Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары объектілерге бекітілген болатын. Өткен тәулікте бірінші топ қатты қисайған алты қабатты үйді тексерді, үй шөгіп жатыр, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеуде. Блоктан шығару және үйге кіру жұмыстары жүргізілді, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесі табылып шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Екінші топ толығымен қираған 9 қабатты екі үйді зерттеп, сонымен қатар жергілікті құтқарушылармен бірге тірі адамды – зардап шеккен әйелді үйінді астынан шығарып алды.

– Осы объектіде құтқарушылар 1 адамның денесін тапты. Қирау орнында күрделі жағдай қалыптасқан, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар үйінділер арасынан адамдарды жылдам іздестіру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, Мемлдекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының екі тобы жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанған болатын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button