Жаңалықтар
Қазақстандық пара жүзушілер финалға шықты
Қазақстандық пара жүзушілер Нұрәлі Советқанов пен Нұрдәулет Жұмағали SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Паралимпиада ойындарының финалына шықты.
Нұрәлі Советқанов төртінші нәтиже көрсетті (1.10.77), қорытынды кестеде 8-орын иеленді. Нұрдәулет Жұмағали 1.04, 97 нәтижесімен екінші орында тұр. Паралимпиада ережесі бойынша жүзушілер финалға жолдама алу үшін үздік сегіздіктің қатарында болуы тиіс.
Қазақстандық паражүзушілер өнер көрсететін финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:02-де өтеді.