Жаңалықтар

Қазақстандық Дина Афанасьева колледж студенттері арасында өткен Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық колледж түлегі Дина Афанасьева WorldSkills Competition 2022 Special Edition әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл – дүниежүзіндегі колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыста алған Қазақстанның алғашқы медалі.

 

Чемпионат 9-17 қазан аралығында Оңтүстік Кореядағы Коян қаласында өтті. Отандасымыз «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді.

 

Былтыр Павлодар колледжінің студенті болған Дина «Веб-әзірлеу» бағыты бойынша EuroSkills Graz 2021 Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.

«Динаны жеңісімен құттықтаймын! Оның еңбегі, білімі мен табандылығы еліміздің барлық колледж студенттеріне үлгі. Сондай-ақ әріптесім, елордалық колледж оқытушысы Айжан Зиядановаға студентінің тамаша нәтижесі үшін алғыс айтқым келеді. Алда Динаны жаңа жеңістер мен биік белестер күтіп тұрғанына сенімдімін», – деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

WorldSkills Competition 2022 Special Edition-ға 60-тан астам ел 63 негізгі құзыреттілік пен 1 ​​демонстрациялық құзыреттілік бойынша қатысып жатқанын атап өткім келеді. Чемпионатқа Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 30 құзыреттілік бойынша қатысуда.

Жарыстар 10 елдің 16 қаласында өтіп, 28 қарашаға дейін жалғасады.

Видеосын көру үшін сілтемені басыңыз. 

Басқа материалдар

Back to top button