Спорт

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионы атанды

Бокстан Тайландта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында финалға шыққан Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан мен Нұрсұлтан Алтынбек алтыннан алқа тақты.

48 келі салмақта жұдырықтасқан Санжар Тәшкенбай ақтық кезеңде өзбекстан боксшысы Шодиержон Меликузиевті айқын басымдылықпен жеңді. Ал, 57 келі салмақта шаршы алаңға көтерілген Махмұд Сабырхан  Таиланд боксшысы Саравут Суктхеттен 3:2 есебімен айласын асырды.  

Нұрсұлтан Алтынбек 54 келі салмақта бақ сынап, Филиппин спортшысы Флинт Джаруды 5:0 есебімен қапы қалдырды.

Айта кетейік, бұған дейін алты боксшымыз финалға жолдама жеңіп алғанын жазып едік. Енді тағы үш боксшымыз ел намысын қорғайды.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button