Спорт

Қазақстандық боксшы Чехияда өнер көрсетеді

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (10-2, 4 КО) 18 ақпанда Пльзен қаласында (Чехия) өтетін бокс кешіне қатысады деп хабарлайды Оrtalyq.kz  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз соңғы рет шаршы алаңға 2021 жылдың 18 желтоқсанында көтерілген еді. Онда ол Өзбек боксшысы Эльдорбек Саидовпен (6-7-2, 4 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңіске жеткен. Одан кейін спортшы өткен жылдың 16 желтоқсанында елордада өткен бокс кешінде өнер көрсетуді жоспарлаған болатын. Алайда, жекпе-жек кейінге шегерілген.  

Отандасымыздың шаршы алаңға шығатын уақыты белгілі болса да, қарсыласының есімі әлі жарияланбаған.  

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button