Спорт
Қазақстандық балуандар Мысырдан 7 медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуандар Мысырда өткен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафа атындағы биылғы екінші рейтингтік турнирдің алғашқы күнінде 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz BasSport.kz тілшісі.
55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен балуандарымыз арасынан Аманғали Бекболатов алтын алса, Марлан Мұқашев күміс, Исхар Құрбаев қола медаль еншіледі.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ернар Фидахметов тек финалда жеңіліп, күміспен күптелді. 63 келіде Дастан Зарлыханов пен Мұхаммедәлі Мамырбек қола үшін таласып, жүлде Дастанға бұйырды.
67 келідегі балуанымыз Мерей Бекенов ел қоржынына екінші алтынды салса, аса ауыр салмақта өнер көрсететін Әлімхан Сыздықов қоланы қанағат қылды.