Жаңалықтар

Қазақстандық қажылар Отанға оралды

Қазақстан қажылары толық Отанымызға оралды, деп хабарлайды Ortalyq.kz muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

 

– Қажыларымыздың соңғы бөлігі, яғни 168 азаматымыз елімізге жетті. Ұшақтар алдын ала белгіленген уақытқа сәйкес ұшты. Тікелей рейстерге қатысты кешігу немесе басқа уақытқа ауыстыру сынды жағдайлар орын алмады, – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділдә Бекжігітов.

 

Айта кетсек, биыл елімізден келген 4 мың жерлесіміз қажылық парызын өтеді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қажылық миссиясы Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде бес бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша жұмыс істеді.

Басқа материалдар

Back to top button