Қазақстандық автосала жаңа деңгейге көтерілді
Қазақстандағы жекеменшік автокөлік өнеркәсібінің дамуы қарапайым жинақтаудан күрделі тораптар мен автокомпоненттер өндіруге көшуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Әлішер Қожасбаев мәлімдеді. Ол мұны «реформалардың емес, жеке бизнестің тиянақты еңбегінің нәтижесі» деп атап өтті.

Мысал ретінде ол Қостанайдағы жағдайды келтірді. Оның айтуынша, 12 жыл бұрын қалада негізгі жұмыс орны – ССГПО кәсіпорны болатын, өйткені басқа жұмыс табу мүмкін емес еді.
«Он жыл өтті. Қазір барсаңыз – ССГПО жұмысшы таба алмай отыр. Неліктен? Себебі Allur келіп, үлкен автозауыт салды. Алғашында фара орнатумен айналысты, кейін ұсақ тораптық жинақтауды меңгерді, енді автокомпоненттер шығарады», — деді ол.
Сондай-ақ кеңесші Саран қаласында әлемдік деңгейдегі шин зауытының іске қосылғанын атап өтіп, «Мұның бәрі бюджет есебінен емес, жеке бизнестің дамуының арқасында жүзеге асты», — деп түйіндеді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



