Қазақстанда жыл сайын 75 мың әйел жасанды түсік жасайды
Бұл – жай ғана сан емес, бұл – он мыңдаған тағдыр, жүздеген үміт үзілген аналық жүрек. Мамандар бұл көрсеткішті еліміз үшін дабыл қағарлық деңгей деп бағалайды. Себебі мұның артында тек медициналық емес, әлеуметтік, экономикалық және психологиялық мәселелер тұр.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, осы жағдайды азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік жағдайы төмен және осал топтағы әйелдерге жоспарланбаған жүктіліктен қорғайтын тегін әдістерді ұсынуды жоспарлап отыр. Мұндай тәжірибе әлемнің дамыған елдерінде бұрыннан бар болғандықтан, шараның басты мақсаты – жоспарланбаған жүктілікті азайтып, әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау.
– Қазір әрбір емхана өз бюджеті есебінен бұл бағытқа қаражат бөледі. Кей өңірлер жергілікті бюджеттен де қаржы қарастырды. Бюджет кодексі мұндай мүмкіндік береді. Сондықтан қазір біз әр әкімдікпен жеке жұмыс істеп жатырмыз, қаражат тек емханалар арқылы емес, өңірдің мүмкіндігіне қарай бөлінетін болады, – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Аяулым СОВЕТ