Ресми

Қазақстанда жастардың даму индексі енгізілмек

– Қазақстанда жастардың даму индексін енгізген жөн. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру негізгі міндеттің бірі. Үкімет 2020 жылы жастарды қолдау жөнінде кешенді жоспар қабылдады. Тәуелсіздік ұрпақтары атты ұлттық жоба, Мемлекеттік жастар саясаты және волентерлік қызмет туралы заңдар дайындалып жатыр. Депутаттар «жастардың әлеуметтік қызметтері« деген ұғымды заң жүзінде рәсімдеуі керек. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, Қазақстанда жастардың даму индексін енгізген жөн. Жергілікті атқару органдарының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты жұмысы соның негізінде бағаланады», – деді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button