Ресми

Қазақстанда жаңа партия пайда болды

Жаңа партия «Байтақ» деп аталады. Партияның алғашқы съезіне еліміздің түкпір-түкпірінен 1450 адам жиналды. Бұл туралы партия басшысы Азаматхан Әміртай айтты.

Азаматхан Әміртай өз сөзінде партия алдағы жеті жыл ішінде қандай мәселелерді көтеретінін айтты. Олардың қатарында Түркістан облысының Келес ауданындағы тас карьерінің жабылуы, Жылыой ауданы тұрғындарының мәселелері бар.

«Мұндай мысалдар көп. Адамдар партияға сеніп, съезге келді. Олар әлеуметтік мәселелердің шешімін бірге табуға болатындығын түсінгендіктен келді», – деді Азаматхан Әміртай.

Партия елдің экологиялық мәселелерін шешу мақсатында құрылған. 

Партияның тіркелгені жайлы ресми ақпаратты Әділет министрлігі растады. 

Басқа материалдар

Back to top button