Жаңалықтар
Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болмақ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер дайындады.
Атап айтар болсақ, тізім келесі мерекелермен толықтырылды:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
Ветеринарлар күні – 10 шілде;
Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.
Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА