Бас тақырып

Қазақстанда жәрдемақы мөлшері артты

Қазақстанда 2026 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі ұлғайды. Бұл өзгеріс айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты жүзеге асты деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Сурет ЖИ

Жаңа жылдан бастап АЕК мөлшері 4325 теңгеге жетті. Бұған дейін ол 3932 теңге болған. АЕК-ке тәуелді барлық төлемдер автоматты түрде қайта есептелді.

Бала дүниеге келгенде төленетін бір реттік жәрдемақы да өсті:

13-балаға – шамамен 164 мың теңге
4 және одан көп балаға – 272 мың теңгеден астам

Көпбалалы аналарға ай сайын берілетін жәрдемақы мөлшері балалар санына қарай өседі:

4 баласы бар отбасы – шамамен 69 мың теңге
10 баласы бар отбасы – 173 мың теңгеге жуық

Мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақылар да 10 пайызға артты:

I топ – 111 мың теңгеден аса
II топ – 89 мың теңгеге жуық
III топ – 61 мың теңгеден астам

Жәрдемақылар:

азаматтың әлеуметтік мәртебесіне,
еңбек өтіліне,
табыс деңгейіне,
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуына байланысты есептеледі.

АЕК-тің өсуіне байланысты 2026 жылдан бастап әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар жәрдемақыны бұрынғыдан жоғары көлемде алады. Бұл өзгерістер халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button