Жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер саны – 2 млн 524 мың адам

2025 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы қолданыстағы зейнетақы мөлшері жайлы айтып берді, деп хабарлайды  http://Оrtalyq.kz тілшісі  http://Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде зейнеткерлер саны – 2 млн 524 мың адам.

Олардың орташа зейнетақысы 142 669 теңгені құрады. Оның ішінде:
• Ынтымақты зейнетақы – 95 096 теңге
• Базалық зейнетақы – 47 573 теңге

2025 жылдың басында зейнетақы мөлшері инфляциядан жоғары деңгейде артты: базалық зейнетақы 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға көбейді.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап мемлекет ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120%-ға дейін кезең-кезеңімен арттыруда. Мысалы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
• Ең төмен базалық зейнетақы – 32 360 теңге
• Ең жоғары базалық зейнетақы – 50 851 теңге

Жыл басынан бері зейнетақыларға республикалық бюджеттен 3,868 триллион теңге жұмсалды:
• Базалық зейнетақыға – 1,252 трлн теңге
• Ынтымақты зейнетақыға – 2,616 трлн теңге

Бұл қаражат зейнеткерлердің уақытылы және толық қамтылуын қамтамасыз етеді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button