Бас тақырыпБасты тақырып

Қазақстандағы алғашқы университеттік аурухана Қарағандыда салынады

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жоба Азиялық даму банкінің қолдауымен МЖӘ шеңберінде іске асырылуда және халықаралық концессиялық модель бойынша салынып жатқан Қазақстандағы алғашқы университеттік аурухана болады. Клиника Қарағанды медицина университетінің базасында құрылады.
Сурет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен
Білім беру, ғылыми және клиникалық қызметті біріктіре отырып, ол медицина кадрларын даярлау және денсаулық сақтауда инновацияларды енгізу үшін заманауи платформа болады. 
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова университеттік аурухананың құрылысы медициналық білім беруді дамытудағы және халыққа көмек көрсету сапасын арттырудағы маңызды қадам болатынын атап өтті.
Жобаны іске асыру Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button