Қазақстанда тұрғын үй кезегіне кімдер автоматты түрде қойылады
Елімізде белгілі бір мемлекеттік бағдарламалар арқылы кезек бойынша баспана алуға болады. деп хабарлайды Ortalyq.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандықтарды баспана алу үшін кезекке қою мәселесі Invisible Government жобасы аясында қаралған.Денсаулық сақтау министрлігі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инспекциясы басқармасының, Отбасы банкінің, Балаларды қолдау орталығының өкілдері және халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінен тұратынтоп жиналды. Бірлескен талқылау барысында кейбір қазақстандықтар үшін баспана алу үшін автоматты кезек енгізу ұсынылды.
Пікірталасқа қатысушылар атап өткен негізгі мәселелердің бірі тұрғын үй кезегінде ұзақ тұру, жалған ажырасулардың болуы және мүгедектік тағайындаудың қиындығы болды. Талқылау нәтижесінде пилоттық санаттағы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға: жетім балалар мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге автоматты түрде кезекке тұрғызу туралы шешім қабылданды.