Бас тақырып

Қазақстанда стоматологиялық 174 клиника жұмысын тоқтатты

Елімізде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бастамасымен стоматологиялық клиникаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Сурет ЖИ

Тексеру тізіміне 622 клиника енгізіліп, бүгінге дейін 392-сі қамтылған. Нәтижесінде 103 медициналық мекемеден заңбұзушылық анықталмаған. Ал 174 стоматология өз қызметін тоқтатты, оның ішінде 56 клиника лицензиясын ерікті түрде қайтарған.

Сондай-ақ жекелеген жағдайларда 30-90 күнге дейін қызметін тоқтату және медицина қызметкерлерін уақытша жұмыстан шеттету шаралары қабылданған.

Тексерулер барысында медициналық қызмет көрсету стандарттарының сақталуы, лицензиялық талаптар мен мамандардың біліктілігіне ерекше назар аударылған.

Материалды әзірлеген
Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button