Бас тақырып
Қазақстанда ұстаздардың 81,9%-ы әйелдер
8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласындағы әйелдер туралы статистика жариялады. Ведомство мәліметінше, Қазақстанның білім беру саласында 492 938 педагог-әйел жұмыс істейді.

101 789 – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
342 352 – орта білім беру ұйымдарында;
2 382 – түзету-білім беру ұйымдарында;
13 239 – қосымша білім беру ұйымдарында;
29 117 – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
4 059 – арнайы білім беру ұйымдарында.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



