Бас тақырып
Қазақстанда шағын және орта бизнес несиесіне субсидия беру басталды

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

– Қазір мемлекет қажет қаражатты толық бөлді. Осы жылдың соңына дейін біз мойнымыздағы міндеттемелерімізді толық орындап бітеміз. Қордаланған берешектер қазірдің өзінде өтеліп жатыр, ал ШОБ бұған дейін төлеген пайыздар бойынша субсидия ала бастайды. Банктерге барлық төлемдер толық аударылады. Осылайша, берешекке байланысты ШОБ мәселелері толық шешіледі. Жыл соңына дейін біз барлық міндеттемелерді орындаймыз, – деді Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.