Бас тақырыпБасты тақырып

Қазақстанда өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты

Еліміздің өнеркәсіптік негізін құру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңдеу өнеркәсібі биыл  6,1%-ға өсіп, өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты.

Сурет https://7kun.kz

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің еліміздің өнеркәсіптік берік іргетасын құру бойынша кешенді жұмыс жүргізуі нәтижесінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға және өңдеуші саланы дамытуға көңіл бөлінді.

https://primeminister.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев индустрияландыру нәтижелері өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті.

–Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 6,1%-ға өсті, ал өнім өндіру көлемі 16 трлн теңгеден асты. Бұл жерде экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13,9%-ға дейін артқанын атап өткім келеді, — деді министр.

Отандық өндірістің өсуін ынталандыру мақсатында қаржылық қолдау құралдары пайдаланылуда.

–Біз жергілікті, отандық өндірушілердің өсуін ынталандыру мақсатында белсенді жұмыс жүргізудеміз. Өңдеу өнеркәсібінің 115 жобасын қолдауға 500 млрд. теңге бөлінді. Бұл “Бәйтерек” холдингі сияқты даму институттары арқылы жүзеге асырылды,

— деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілерге басымдық берілді. 2025 жылдың 7 айында сатып алу көлемі 1,5 есеге өсіп, жалпы құны 1,2 трлн теңгеден асты.

Тағы бір маңызды қолдау құралы – қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі сатып алудың ашықтығын арттырып, жалған өндірушілерді жоюға мүмкіндік берді. Бірыңғай тізілімнің іске қосылуы осы жылдың күзіне жоспарланған.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button