Бас тақырыпМедицина

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Қазақстанда ақ халаттыларға шабуыл жасағандарға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Сурет kaz.zakon.kz
Күзде Парламентте дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсету мен шабуыл жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы қаралады. Министрдің сөзінше, Қылмыстық кодексте жаңа бап (158-1) пайда болады.
– Егер қоқан-лоқы жасалса – 2 жылға дейінгі бостандықты шектеу жазасы берілуі мүмкін;
– күш қолданса – 2-7 жыл түрме;
– егер төтенше жағдай кезінде (мысалы, індет немесе табиғи апат кезінде) күш қолданса – 10 жылға дейін түрме;
– егер бірнеше медицина қызметкеріне күш қолданылса және мұны топ болып жасаса – 15 жылға дейін – түрме жазасы қарастырылуы мүмкін. 
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button