Қазақстанда күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен әскери қызметші қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді
Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызмет атқарады. Бүгінде 15 мыңнан астам патрульдеу маршруттары жасақталып, барлық проблемалық аймақтарды қамтуға мүмкіндік берді. Қылмыстың алдын алу бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру аясында елімізде қоғамдық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінуде.

Бұл шаралар нақты нәтиже беріп отыр. Осы жылдың басынан бері:
- қылмыстардың жалпы саны 13%-ға (9 мыңға жуық дерекке) азайды;
- кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық және мал ұрлығы айтарлықтай төмендеді;
- бұрын сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қарумен жасалатын қылмыстар азайды.
Сонымен қатар, полицияның үйлесімді жұмысының арқасында 10 мыңнан астам қылмыс ашылды, 10 млн-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
–Біздің жұмысымыздың негізі – «заң мен тәртіп» қағидасы. Алдын алу шараларының арқасында қылмыстар саны 13%-ға төмендеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға аз. Кісі өлтіру, қарақшылық әрекеті, тонау, бұзақылық, ұрлық және мал ұрлығы азайды. Бұрын сотталғандар қоғамдық орындарда және қару қолдану арқылы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны кеміді, қылмыстың ашылу көрсеткіші жақсарды, – деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Жамал АКПАРОВА


