Бас тақырып

Қазақстанда көліктің үш моделін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын

Құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев көліктің үш моделін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет allurgroup.kz

Бүгін үкіметте машина жасау саласын дамыту мәселесі қаралды. Министрдің айтуынша, жақын арада көлік шығаратын бір зауыт іске қосылады.

– Мәселен, Changan, Haval, Chery автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың бірлік автокөлік шығарылады, – деді Қанат Шарлапаев.

Қазіргі кезде 200 млн долларлық KIA автомобиль зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, 150 млн долларға Geely, Exeed мен КAIYI жеңіл автомобильдерінің өндірісі пысықталуда.

– Сонымен қатар секторды одан әрі дамыту автокомпоненттердің отандық өндірісін игеру есебінен жоспарлануда. Мысалы, биыл Алматы қаласында мультимедиялық жүйелердің және автокреслолардың сериялық өндірісін іске қосу күтілуде, – деп атап көрсетті министр.

Ресми мәліметке сәйкес, 9 айдың ішінде Қазақстанда 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button