Қазақстанда көлік нөмірлерін еркін таңдау тәртібі енгізіледі
Polisia.kz сайтының хабарлауынша, енді қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін өз қалауынша таңдай алады.

Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында кез келген әріптік және сандық комбинацияны еркін таңдауға мүмкіндік беретін жаңа нормалар әзірленді. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап азаматтар нөмір таңдау қызметін пайдалана алады. Қалаған әріптік және сандық белгісі бар нөмірдің құны 10 АЕК пен 15 АЕК аралығында болады. Ал сұранысы жоғары нөмірлер үшін бөлек мемлекеттік баж қарастырылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенова мәлімдеді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



