Бас тақырыпБасты тақырып

Қазақстанда IT-компаниялар саны 18 мыңнан асты

Еліміздегі IT-компаниялар саны бойынша соңғы үш жылда өсім 16%-ды құрады. 1700-ден астам қатысушыны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркінің дамуы маңызды драйвер болды. Резиденттердің жиынтық табысы 1,2 трлн теңгеге жетті, экспорттық кіріс 140 млрд теңгеден асты.

Сурет democracy.kz

Өңірлік ІТ хабтар инновациялық экожүйенің негізгі элементіне айналды. Қазірдің өзінде Қазақстанда олардың 19-ы бар. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, Дубай және Қытайда шетелдік алаңдар ашылды.

Astana Hub қазіргі таңда халықаралық серіктестермен бірлесіп стартап-экожүйені дамытуда. AI’Preneurs және Silk Way Accelerator (Google-мен серіктестікте) бағдарламалары шеңберінде қазақстандық жобалар әлемдік нарықтарға шығуда. AlchemistX, Draper University және Silkroad Innovation Hub-пен ынтымақтастықтың арқасында Кремний алқабында 40-тан астам стартап акселерациядан өтті. 2026 жылға қарай Қазақстан $1 млрд көлеміндегі IT-қызметтер экспортына қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Ақорда

Tech Orda бағдарламасы 2025 жылы 100 000 IT маманын оқытуды қарастырып отыр. Онлайн және офлайн бағдарламалар – Tomorrow School, AI’Preneurs, Decentrathon 2.0, сондай-ақ мамандандырылған курстар: AI-People Bootcamp и AI Quest 1.0 жүргізілуде.

Сондай-ақ Орталық Еуразияда алғаш рет мемлекеттік қызметшілерді ЖИ-мен жұмыс істеу дағдыларына үйрететін AI Qyzmet бағдарламасы іске қосылды. Ол жұмыс процестеріне цифрлық құралдарды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

–2024-2025 жылдар ЖИ саласындағы маңызды бастамалар кезеңі болды. 2029 жылға дейінгі тұжырымдама бекітілді, ЖИ және цифрлық трансформацияны дамыту стратегиясы, сондай-ақ жасанды интеллекті бойынша заң жобасы әзірленуде, –  деді Жаслан Мәдиев.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button