Жаңалықтар

Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы орталық жұмысын бастады

Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызы бар нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті деп хабарлайды ortalyq.kz  тілшісі primeminister.kz – ке сілтеме жасап. 

Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Жаңа орталық COVID-19 пандемиясы кезіндегі тәжірибені ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесінің дайындық деңгейін арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және кадрлар даярлау мақсатында салынды. 350 төсек-орынға есептелген мекеме жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 2,5 мыңға жуық туберкулез науқасына емдеу және диагностикалық көмек көрсетеді.

Аида Балаева орталықтың ұлт денсаулығын нығайту мен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары елде медицина, білім, спорт және мәдениет нысандары қарқынды салынып, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Суреттер http://primeminister.kz

Іс-шара барысында орталықтың инфрақұрылымы таныстырылып, бөлімшелеріне экскурсия ұйымдастырылды. Айта кетейік, жаңа мекеме клиникалық, ғылыми және білім беру бағыттарын біріктіріп, инфекциялық және паразиттік ауруларды, соның ішінде дәріге төзімді туберкулез түрлерін диагностикалау мен емдеуге мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда орталық 500 төсек-орынға дейін кеңейтіледі.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button