Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту форумы өтеді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша,  14–15 ақпанда Dala.Camp Forum 2026 форумы өтеді. Іс-шарада Қазақстанның ет индустриясын дамыту, экспортты арттыру және қайта өңдеуді жетілдіру мәселелері талқыланады.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Форумға мемлекеттік органдар, агробизнес өкілдері, инвесторлар мен халықаралық сарапшылар қатысады. Шараға Қазақстан, Орталық Азия, АҚШ, Бразилия, Еуропа, БАӘ және Түркиядан шамамен 150 делегат келеді.

Форум барысында Қазақстанның жаһандық ет нарығындағы орны, инвестициялық мүмкіндіктер, ветеринариялық талаптар, цифрландыру және шаруашылықтардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады. Инвестициялық жобалардың таныстырылымы да өтеді. Форум бағдарламасы аясында мал шаруашылығы мен оған жақын салалардағы инвестициялық жобалардың таныстырылым сессиясы болады деп күтілуде.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button