Бас тақырыпБасты тақырып
Қазақстанда діни сұрақтарға жауап беретін «Imam AI» қосымшасы іске қосылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы баяндамасында мәлімдеді.

Жаңа қосымша сенімді дереккөздерге сүйеніп, тұрғындардың күнделікті діни сұрақтарына лезде әрі нақты жауап беруге бағытталған. Жоба діни қызметкерлердің жүктемесін азайтып, қоғамдағы діни сауаттылықты арттыруды көздейді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



