Қазақстанда девальвация болмайды – Үкімет басшысы
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында теңге бағамына қатысты пікір білдірді.

– Біздің бағалауымыз бойынша, салмақты сарапшылардың көбінің бағалауы бойынша теңге бағамының күрт әлсіреуіне әкелетін алғышарттар жоқ. Бюджетке қандай параметрлер енгізілген дегенге келсек, қазір біз базалық сценарийді ұстанып отырмыз. Доллар бағамы 540 теңге, бір баррель мұнайдың бағасы 60 доллар деп белгіленген. Пессимистік сценарий де бар. Егер кенеттен мұнай бағасы барреліне 50 долларға дейін түссе, басқа тетіктер іске қосылады. Бірақ базалық сценарийдің орындалуы шындыққа жақынырақ деп есептейміз. Біз девальвация күтіп отырған жоқпыз. Теңге бағамының кенет түсуі болмайды, – деді Үкімет басшысы.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА