Жаңалықтар
Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде – 14, 15 және 16 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Қазақстанның көп бөлігінде ауа райын солтүстік және оңтүстік циклондар анықтайды. 14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. 16 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста қар жауады деп болжанған. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және боран күтіледі.
– Түнде ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында 10-18 градус аязға дейін, солтүстікте және орталықта 15-25 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 10-17 градус аязға дейін, ал таулы аймақтарда 20-27 градус аязға дейін төмендейді, – делінген хабарламада.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА