Қазақстанда демалыс күндері ауа-райы қандай болады?
Қазгидромет 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде Сібір антициклоны ықпал ететітінін жеткізді. Сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі көктайғақ болжанған. Республика бойынша түнде және таңертең тұман болады.
Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градусқа дейін аяз, еліміздің қиыр шығысында 23 градусқа дейін аяз болады.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.