Бас тақырыпБасты тақырыпЖаңалықтар

Қазақстанда дәрілер бағасы арзандады

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті еліміздің фармацевтика нарығында мемлекеттік реттеу аясында бірқатар дәрілік заттардың бағасы төмендеді деп хабарлайды Ortalyq.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Сурет ЖИ

Қазіргі таңда 4 994 дәрінің шекті бағасын белгілі, дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге рецептсіз сатылатын 1 707 препарат реттеуден шығарылды, яғни бұл дәрілердің бағасы нарық сұранысына қарай қалыптасады, бірақ олардың құны да тұрақты түрде тексеріліп отырады.

Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылдың қыркүйегінде дәрілер бағасы орта есеппен 7,8 пайызға, ал қазан айында 11,1 пайызға дейін түскен. Әсіресе Гепар комп. Хеель, Ревмоксикам, Цефяпс, Валмак-Н, Зитмак секілді тұрғындар жиі қолданатын дәрілердің бағасы айтарлықтай арзандағаны байқалды.

Мемлекет бұл шаралар арқылы халықты қолжетімді және әділ бағамен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Комитет алдағы уақытта да дәріханалардағы бағаға мониторинг жүргізіп, бұзушылықтар болса, шара қолданатынын мәлімдеді.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button