Бас тақырыпБасты тақырып
Қазақстанда бір палаталы Парламент пайда болуы мүмкін
Қазақстанда бір палаталы Парламент пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

–Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Аяулым СОВЕТ