Медицина

Қазақстанда балалар онкологиясы дендеп барады

Қазақстанда балалар онкологиясы дендеп барады. Қазір ел бойынша «жаман ауруға» 4 мыңнан астам ұл мен қыз шалдыққан. Әсіресе қатерлі ісіктің туабітті жағдайлары көбейіп кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, бұған ата-аналардың жауапсыздығы да себеп, деп хабарлайды Оrtalyq.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда жыл сайын 600 баладан қатерлі ісік белгілері анықталады. Кішкентайлардың көбі көзін ішпай жатып лейкоз, бас миы мен сүйек обырына шалдығады. 

– Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері жатыр ішінен басталады. Оны жүктілік кезінде анықтау өте қиын. Негізгі себеп аналардың жиі сырқаттануы. Бірақ балалардың арасында айтарлықтай өсім жоқ.  Бірақ бұл сөзбен тәуелсіз дәрігерлер келіспейді. Олардың айтуынша, Қазақстанда балалар арасындағы қатерлі ісік жыл сайын кем дегенде 10 процентке артып отыр. «Оған бірнеше жағдай әсер етеді, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онколог дәрігері Диляра Қайдарова

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, онкологиялық аурулар Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарына дендеп тұр. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, елімізде қатерлі ісік бойынша көрсетілетін мединциналық көмектің деңгейі әр түрлі. Кей қалаларда қарапайым қондырғылары тіптен жоқ. 

 – Қолданыстағы сәулелі терапиялық аппаратың паркі 50 пайызға ескірген. Ақмола, Ұлытау, Жетісу, Қызылорда облыстарында осындай  апараттар тіпті жоқ. Өңірлерде диагностикалық және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету төмен. Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарының және Астана қаласының онкологиялық орталықтарында КТ, МРТ сияқты апараттар жоқ, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктен 13 мыңнан астам адам көз жұмады екен. Ал, жаман аурудың алдын алудың бірден бір жолы «уақытында тексерілу» деп кеңес береді ақ халаттылар.  

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button