Қазақстанда бүгінгі ауа райы қандай?
«Қазгидромет» мамандары 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қаласында күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қарағанды қаласында күндіз найзағай күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы қаласында 24 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 24 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.
Павлодар облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 25 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.