Жаңалықтар

Қазақстанда автокөлікті қайта ресімдеу жеңілдетілді

Қазақстанда көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі жеңілдетілді. Енді сатушы мен сатып алушы QR-кодтың көмегімен автокөлікті сатып алу-сату шартына қол қоя алады.

Сурет: massaget.kz

Автокөлікті сатып алу-сату шартын қазір тек нотариуста ғана емес, сонымен қатар арнайы ХҚКО-ларда да рәсімдеуге болады. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы жүйеде электронды құжат құра алады, ал сатушы мен сатып алушы оны EGOV Mobile қосымшасы арқылы сканерлеп, QR кодымен қол қоя алады. Сервис көрсетілетін қызметті алушылардың ыңғайлылығы үшін, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін әзірленді. Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және «ҰАТ» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясының арқасында автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық бола түсті. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.

Осыған ұқсас қызмет EGOV business қосымшасы арқылы ұйымның мүдделерін қорғауға және ЭЦҚ пайдалану құқығына сенімхаты бар заңды тұлғалардың өкілдеріне де қолжетімді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button