Қазақстанда автокөлікке арналған VIP нөмірлер қанша тұрады?
Елімізде ең арзан және ең қымбат сұранысқа ие көлік нөмірлері қанша тұрады? Бұл туралы ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтының материалына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ІІМ мәліметінше, сұраныстағы ең арзан мемлекеттік тіркеу нөмірлері (VIP нөмірлер) 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 болып саналады. Олардың құны–57 АЕК (210 330 теңге).
Құны бойынша келесі орында: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандық белгілеу нөмірлері бірдей әріптік белгілермен. Мұндай нөмірлердің құны–114 АЕК (420 660 теңге).
Келесі: 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 800, 888, 900, 999. Олардың құны–137 АЕК (505 530 теңге) .
Сандық белгілеу нөмірінің бағасы бойынша, келесі орында 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері бірдей әріптік белгілермен. Құны –194 АЕК (715 860 теңге).
Бұдан кейін 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Құны–228 АЕК (841 320 теңге).
Ең қымбат VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгілеулері болып саналады. Олардың құны–285 АЕК, яғни 1 051 650 теңге.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.